Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Кісі өлтіргенін 25 жылдан кейін мойындап, түрмеге тоғытылды

Батыс Қазақстан облысында ширек ғасыр өтсе де қоғамда үлкен резонанс тудырған қылмыстық іске нүкте қойылды. 2000 жылдың жазында жасалған қос кісі өлтіру дерегі бойынша екі адамға үкім шықты. Бұл туралы «Мой Город» басылымы хабарлады.

Кісі өлтіргенін 25 жылдан кейін мойындап, түрмеге тоғытылды
Фото: ашық дереккөз

Айыпталушылардың бірі – 53 жастағы Асқар Батыров, екіншісі – 50 жастағы Әлібек Сармағамбетов. Іс материалдарына сәйкес, 2000 жылы шілде айында Орал қаласындағы Ружейников көшесінің бойында тұрған көлікте екі ер адам оққа ұшып, оқиға орнында қаза болған.

Ұзақ уақыт бойы бұл іс ашылмай келген. Алайда арада 24 жыл өткенде Асқар Батыров өзі полицияға келіп, қылмысты жасағанын мойындаған. Тергеу нұсқасына сай, Әлібек Сармағамбетов — қылмысты ұйымдастырушы, яғни тапсырыс беруші болған. Бірақ ол өз кінәсін мойындаған жоқ.

Сот Асқар Батыровты ҚР ҚК 99-бабы 2-бөлігі (екі адамды өлтіру) бойынша кінәлі деп танып, оны қатаң режимдегі колонияға 19 жылға бас бостандығынан айырды. Ал Сармағамбетовке 15 жыл жаза тағайындалды. Екеуі де бұған дейін сотталғаны ескерілді.

Сот жәбірленуші тараптың азаматтық талабын ішінара қанағаттандырды: екі сотталушы моральдық өтемақы ретінде жалпы сомасы 30 миллион теңге төлеуге міндеттелді.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату