Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Бүгін емес, қартайғанда қажет: министр зейнетақыны сақтауға шақырды

Зейнетақы жинағындағы қаражатты мерзімінен бұрын шешіп алғысы келетіндерге жағымды жаңалық әзірге жоқ. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова жеткіліктілік шегін төмендету жоспарланбағанын мәлімдеді.

Бүгін емес, қартайғанда қажет: министр зейнетақыны сақтауға шақырды
Фото: ашық дереккөз

Парламент отырысынан кейін кулуарда журналистер министрден: «Жеткіліктілік шегі тағы да азая ма?» — деп сұрады. Жауап қысқа да нұсқа болды:

«Жоқ. Бұл мәселе күн тәртібінде тұрған жоқ».

Министрдің сөзінше, зейнетақы жинағын ерте пайдалану болашақта азаматтың қамсыз қарттығына қауіп төндіреді. Сондықтан министрлік зейнетақы жүйесінің ұзақмерзімді тұрақтылығын сақтауға басымдық беріп отыр.

«Жинақ зейнет жасындағы адамның негізгі тірегі болуы керек. Оны тым ерте жұмсау – кейінгі өмірдің қауіпсіздігіне нұқсан келтіруі мүмкін», – деді Жақыпова.

Айта кетейік, соңғы жылдары зейнетақы жинағын баспана алу, емделу немесе ипотека жабу үшін пайдалануқоғамда үлкен қызығушылық тудырған еді. Сол себепті жеткіліктілік шегін қайта азайту туралы үміт те жиі айтылып жүрген. Алайда министрдің соңғы жауабы бұл үмітке нүкте қойғандай.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату