Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Италияға көшіп барғандарға 3,5 млн теңге беріле ме?

Италиядағы Варезе провинциясының билігі сонда көшіп барып, жұмысқа тұрған жас мамандарға 6000 евроға (3,5 миллион теңге) дейін өтемақы төлейді. Провинцияның өзі Милан мен Швейцарияға жақын маңда орналасқан,- деп хабарлайды newsroom.kz

Италияға көшіп барғандарға 3,5 млн теңге беріле ме?

«Біз көптеген басқа өңірлер сияқты, көңіл алаңдатарлық құбылыстармен күресіп келеміз. Осы шара арқылы біз халық санының азаюын тоқтатып, еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныс арасындағы алшақтықты азайтып, таланттарды алып қалмақпыз», – деп түсіндірді сауда-өнеркәсіп палатасының президенті Мауро Витиелло.

Бағдарлама «Варезеге көшіп кел» деп аталады. Осы бағдарламаға қатысып, жұмыс істеу үшін Варезеге көшкен азаматтарға жыл сайын 2000 еуро (шамамен 1,2 миллион теңге) көлемінде төлем төленеді. Бұл төлем үш жыл бойы беріледі. Қаражатты жергілікті дүкендер мен шеберханалардағы тауарлар мен қызметтерге жұмсауға болады. Басты шарт – қатысушының жасы 40-тан аспауы керек.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату