Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Шымкентте жеті баланың анасын өзіне қол жұмсауға итермелеген күйеуі сотталды: перзенттері үкімге қарсы

Шымкентте жеті баланың анасы жұмбақ жағдайда қайтыс болған қылмыстық іске қатысты сот үкімі шықты. Айыпталушы – марқұм әйелдің бұрынғы күйеуі. Оған «өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бабы бойынша жаза кесілді.

Шымкентте жеті баланың анасын өзіне қол жұмсауға итермелеген күйеуі сотталды: перзенттері үкімге қарсы

Тергеу бес айға созылып, нәтижесінде ер адамның қылмысқа тікелей қатысы дәлелденбеді. Сот отырысында айыпталушы әйелі несие алғаны үшін оны ұрғанын мойындады. Оның айтуынша, жанжал басқа бөлмеде болған, ал артынша әйелі терезеден секіріп кеткен.

Судья Сабит Тореханов істі тек ҚР ҚК 105-бабы («Өзін-өзі өлтіруге итермелеу») аясында қарастырып, ер адамды 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.

«Сот айыптаудан тыс әрекеттерді қарай алмайды. Барлық дәлел мен құжаттар осы бап шеңберінде зерттелді», – деді судья.

Іс барысында марқұмның төрт жасар ұлының берген көрсетулері ескерілмеді. Себебі жасы тым кіші болғандықтан, оның сөзі дәлел ретінде қабылданбаған.

Ал қайтыс болған әйелдің балалары үкіммен мүлде келіспейді. Олар жазаның тым жеңіл екенін айтып, істі қайта қарауды талап етуде.

«Анамыздың денесінде көптеген жарақат болды. Адвокатымыз бұл істі ҚР ҚК 99-бабы – «Адам өлтіру» бойынша қайта тергеуді ұсынды. Қазірдің өзінде отбасылық зорлық үшін 8 жылға дейін жаза беріледі. Ал мұнда адам қайтыс болды, бірақ ол бар болғаны 1,5 жыл ғана алды. Біз – жеті бала – анамыздан айырылдық. Бір бауырымыз әлі күнге дейін балалар үйінде. Оны әлі шығара алмай жүрміз. Бұл әділеттілік пе?» – деді жәбірленуші Перизат Қалдарбек.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату