Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Солтүстік Қазақстандағы Қытай кәсіпорнында жарылыс болды: зардап шеккендер бар

Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша ауданына қарасты Ильичевка ауылында Қытайдың «Айцзюй» корпорациясына тиесілі агроөнеркәсіптік кәсіпорында жарылыс болды.

Солтүстік Қазақстандағы Қытай кәсіпорнында жарылыс болды: зардап шеккендер бар
Фото: әлеуметтік желіден

Төтенше жағдай орнында түсірілген видео әлеуметтік желілерде тарап жатыр. Оқиғаның себебі – "заправка" шлангісінің үзіліп кетуі.

Алдын ала мәлімет бойынша, кәсіпорын аумағындағы екі газ сақтағыш отқа оранып, артынша Volvo маркалы газ таситын көлік жарылған.

Тоғыз адам зардап шеккен, олардың сегізі ауруханаға жеткізілді. Жарақат алғандардың арасында — Көкшетаудан келген газ жеткізушілер мен көмекке келген құтқарушылар бар.

Қазір дәрігерлер күйік шалып, түрлі деңгейдегі жарақат алғандардың өмірі үшін күресіп жатыр.

eGov порталындағы ақпаратқа сәйкес, «Тайынша май» ЖШС – май өнімдерін өндірумен айналысатын кәсіпорын. Ол Қытайдың ауыл шаруашылығы мен халықаралық логистикаға маманданған «Айцзюй»корпорациясына тиесілі.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату