– Нағыз қауіп қауіпсіздік саласында емес, экономикада жатыр. Біз әлемдік нарықтағы бәсекеге қабілеттілігімізден айырылып жатырмыз, – деді ол.
Орбан сондай-ақ Ресейдің Еуропаға елеулі қауіп төндіретіндей деңгейде күшті емес екенін атап өтті.
Айта кетейік, соңғы уақытта Еуропа елдерінде Ресей тарапынан төнуі мүмкін "қатер" жиі сөз бола бастады. Мәселен, Ұлыбритания билігі тұрғындарды РФ-мен соғысқа дайын болуға үндеді. Бұл қауіп Ұлыбританияның ұлттық қауіпсіздік стратегиясында нақты көрсетілген.
Путин не деді?
Бұған дейін Ресей президенті Владимир Путин Батыстың басты үрейі – Ресей екенін айтқан болатын. Ұлыбританияның стратегиялық құжатында Украинамен соғыс және Ресейдің "барлық континентке қауіп төндіріп отырғаны" жайлы жазылған.
Одан бөлек, НАТО-ның бас хатшысы Марк Рютте альянс мүшелерін әскери шығындарды арттыруға шақырды. Оның сөзінше, Ресей алдағы 3–7 жылда НАТО елдеріне шабуыл жасауы мүмкін.
Украина президенті Владимир Зеленский де осыған ұқсас мәлімдеме жасап, "Ресей жақын бес жылда НАТО-ның беріктігін тексеру үшін шабуылдауы мүмкін" деп болжады.