Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Өзбекстан ерлерсіз келмек: Астанадағы турнирге тек әйелдер құрамасы тіркелді

30 маусымда Астанада басталатын бокстан әлем кубогінің кезеңіне Өзбекстан құрамасы қатысатынын ресми түрде растады, деп хабарлайды.

Өзбекстан ерлерсіз келмек: Астанадағы турнирге тек әйелдер құрамасы тіркелді

Бұған дейін Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы Қайрат Сәтжанов өзбек спортшылары турнирге келмейтінін айтқан еді. Осы мәлімдемеден соң әлеуметтік желілерде түрлі болжамдар мен алып-қашпа сөздер тарады. Алайда күмәнге толы пікірлерге нүкте қойылды.

Өзбекстандық ақпарат құралдарының мәліметінше, бұл елдің құрамасы жарысқа қатысады. Дегенмен бір ерекшелігі бар: жарысқа тек әйелдер құрамасы ғана тіркелген. Ерлер командасынан бірде-бір боксшы қатыспайды.

Айта кетейік, бұл жарыс — бокстан әлем кубогінің үшінші кезеңі. Бұған дейінгі екі кезеңде Өзбекстан құрамасы жалпыкомандалық есепте топ жарған. Ал Қазақстан алғашқы кезеңге қосалқы құраммен қатысып, екі алтын медаль еншілеген. Екінші кезеңде елімізден тек бір ғана боксшы сынға түсті.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату