Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Елдос Сметовке ота жасалды

Дзюдодан Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов иығына ота жасатты. Бұл ақпаратты оның жеке бапкері Ғалымжан Жылгелдиев те растады. Бұл жайында Skifnews.kz-ке сілтеп newsroom.kz хабарлайды.

Елдос Сметовке ота жасалды
Фото: әлеуметтік желідегі парақшасынан

Елдос Сметов өзі де instagram парақшасында ауруханадағы суретін жариялады. 

«Ал 2028 Лос-Анджелес, күт бізді, тарих жасауға келеміз», - деп жазба қалдырды.

Бұған дейін Елдос Сметовтың жеке бапкері Ғалымжан Жылгелдиев шәкіртінің денсаулығында емдейтін тұстары бар екенін айтқан еді.

Жеке бапкерінің айтуынша Елдос Сметов жарақатынан толық сауыққан соң 2025 жылдың соңында татамиге оралады.

 




 

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату