Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Зеленский: “Ресей Еуропада жаңа әскери операцияларға дайындалып жатыр. Дәлел бар”

Украина президенті Владимир Зеленский ресейлік биліктің “ақыл-ой тұрғысынан деградацияға” ұшырағанын айтып, Мәскеудің Еуропа аумағында жаңа әскери әрекеттерге дайындалып жатқанын мәлімдеді. Бұл туралы ол Украина Қорғаныс министрлігіне қарасты Бас барлау басқармасының жетекшісі Кирилл Будановтың баяндамасынан кейін айтты, деп хабарлайды newsroom.kz "Украинская правда" басылымына сілтеме жасап.

Зеленский: “Ресей Еуропада жаңа әскери операцияларға дайындалып жатыр. Дәлел бар”
Фото: Украинская правдв

“Ресей басшылығының ақыл-ой деңгейі одан әрі құлдырап барады. Біз олардың Еуропада жаңа әскери операциялар әзірлеп жатқанына қатысты нақты айғақтарға иеміз”, – деді Зеленский.

Ол сондай-ақ Батыс енгізген санкциялардың Ресей экономикасына ауыр соққы болып тигенін атап өтті. Оның пікірінше, бұл – халықаралық қысымды күшейтуге бағытталған стратегияның дұрыс таңдалғанын көрсетеді.

Украина президенті Киевтің одақтастарын барлау мәліметтерімен бөлісетінін және Ұлыбританиямен, Еуроодақпен бірге Еуропа қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған бірлескен шешімдер дайындап жатқанын айтты.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату