Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Иран басшысы орнын басатын үш мұрагерін анықтап қойды

Иранның Жоғарғы рухани көсемі аятолла Әли Хаменеи өз өлімінен немесе қастандықтан кейін билікті кімге тапсыруға болатынын алдын ала ойластырған. The New York Times-тың жазуынша, ол елдің Сарапшылар Ассамблеясына үш діни тұлғаның кандидатурасын ұсынып қойған, деп хабарлайды newsroom.kz.

Иран басшысы орнын басатын үш мұрагерін анықтап қойды
Фото: ашық дереккөз

Хаменеи қазіргі Иран-Израиль арасындағы геосаяси шиеленіс аясында биліктің «жылдам әрі ретпен ауысуын» қамтамасыз етіп, өзінің саяси мұрасын сақтау үшін осындай шешімге келген.

Бұдан бөлек, ол әскери басшылықта үзіліс болмауы үшін көмекшілері опат болған жағдайда олардың орнын басатын баламалы кандидаттарды да дайындап қойған.

Аятолланың қолында елдің толық билігі шоғырланған: заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтары, сондай-ақ Иран қарулы күштері де соған бағынышты.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату