Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев 19 маусымда мемлекеттік мемлекеттік қызметті жаңа тәсілдер негізінде ұйымдастыру және мемлекеттік қызметшілердің кәсіби және нәтижелі корпусын қалыптастыру шаралары туралы жарлыққа қол қойды.
Құжатта мемлекеттік құрылымдар қызметкерлері арасында салауатты өмір салтын енгізу шаралары қарастырылған.
Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік қызметті дамыту агенттігімен бірлесіп үш ай мерзімде мемлекеттік қызметшілерді медициналық тексеруден өткізу тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік органдардың асханаларына қойылатын талаптар тізбесін және салауатты тамақтану стандарттарын бекітуі тиіс.