Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Түркістанда облыстық бюджет пен жер қатынастарына қатысты мәселелер талқыланды

Бүгін Түркістан облыстық мәслихатының кәсіпкерлік, құрылыс, инфрақұрылым, жер қатынастары және табиғат пайдалану мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті, деп хабарлайды newsroom.kz

Түркістанда облыстық бюджет пен жер қатынастарына қатысты мәселелер талқыланды

Мәжіліске облыстық мәслихат төрағасы Н.Әбішов, облыс әкімінің орынбасары Т.Қозбеков, сондай-ақ тұрақты комиссия мүшелері мен бірқатар депутаттар қатысты. Комиссия жұмысын төрағасы С.Көшенов жүргізді.

Отырыс барысында мынадай мәселелер қаралды:

  1. 2025–2027 жылдарға арналған облыстық бюджетке өзгерістер енгізу;
  2. Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының есеп беруі;
  3. Облыс әкімдігі мен тексеру комиссиясының 2024 жылғы бюджет атқарылымы жөніндегі есебі;
  4. Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының кең таралған пайдалы қазбаларды игеру шарттарының орындалу барысы туралы ақпараты;
  5. Облыс әкімдігінің дербес құрамындағы өзгерістерді келісу;
  6. Жер комиссиясы құрамына өзгеріс енгізу;
  7. Әлеуметтік маңызы бар бағыттар тізімін толықтыру;
  8. Облыс қалаларындағы бағалау аймақтары мен жер төлемақысына қатысты өзгерістерді бекіту.
  9. Барлық ұсыныстар бірауыздан мақұлданып, сессия қарауына жіберу жөнінде шешім қабылданды.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату