Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

«Барыс» хоккей клубының бас директоры болып Сәкен Мұсайбеков тағайындалды

Сәкен Мұсайбеков бұған дейін Қазақстан хоккей федерациясының бас директоры қызметін атқарған. Оған дейін Мәжіліс төрағасының көмекшісі, Көлік және коммуникация вице-министрі, сондай-ақ Мәдениет және спорт вице-министрі болған, деп хабарлайды newsroom.kz.

«Барыс» хоккей клубының бас директоры болып Сәкен Мұсайбеков тағайындалды
Фото: ашық дереккөз

Әр жылдары Мемлекеттік кірістер министрінің кеңесшісі, Қаржы министрлігінің әкімшілік департаментінің директоры, «Қазақавтодор» РМК бас директорының орынбасары, Қаржы министрлігі аппаратының жетекшісі қызметтерін де атқарған.

Ал бұған дейін клубты басқарған Нұрлан Оразбаев 2024 жылғы қазанда тағайындалып, арада алты ай өткенде – сәуірде қызметінен кеткен болатын.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату