— Қазіргі таңда мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз және жүргізуші куәлігінсіз мопед тізгіндейтіндер қатары едәуір азайды, — дейді департамент өкілі.
Дегенмен 5 сәуірден бері Алматыда жол ережесін бұзған 5000-нан астам мопед жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 2000-ға жуық мопед айып тұрағына жеткізілген.
Әкімшілік полиция басқармасының Процессинг орталығының дерегінше, Алматыда қазіргі уақытта 15 мыңнан астам мопед ресми тіркеуден өткен.
Полиция өкілдері қалада мопед айдайтындардың едәуір бөлігін курьер қызметін атқаратын шетел азаматтары құрайтынын атап өтті.