Бәрі бір мопедке мінген, оның үстіне әйел мен балалардың басында шлем болмаған. Бейнежазбада полиция қызметкерлерінің ер адам мен оның жолаушыларына назар аударғаны байқалады.
Пікір қалдырғандардың ойы екіге бөлінді: бір бөлігі отбасыға жанашырлық білдіріп, «ешкім жақсы өмірден мұндайға бармайды» десе, енді бірі балалардың өміріне қауіп төндіруді ақтауға болмайтынын айтып, такси немесе автобус таңдаған дұрыс болар еді деген пікір білдірді.