Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

ІІМ мопедтке қатысты маңызды ақпаратты айтты

Полиция басқармасы 5 сәуірден кейін тіркелмеген мопедті басқаруға тыйым салынатынын ескертті, деп хабарлайды newsroom.kz порталы.

ІІМ мопедтке қатысты маңызды ақпаратты айтты
фото: kt.kz

Мопедтерді тіркеп үлгеру үшін екі аптадай ғана уақыт қалды. Заң бойынша 5 сәуірден кейін тіркелмеген мопедті басқару құқық бұзушылыққа жатады. Заңға қайшы әрекет жасалған жағдайда Әкімшілік кодекстің 590-бабының 2-бөлігіне сәйкес жауапкершілік көзделеді.

Қазіргі уақытта республика бойынша 8527 мопед тіркелді. Оны тіркеу үшін тұрғылықты жері бойынша арнайы халыққа қызмет көрсету орталығына жүгіну қажеттігін атап өтті департамент бастығы.

Өзіңізбен бірге келесі құжаттарды алу керек:

жеке басты куәландыратын құжат,

электронды түрі де жарайды,

техникалық құжат немесе мопедтің техникалық сипаттамалары туралы мәліметтер.

Өтінішті толтырып, мопедті тексеруден өткізіп, көлік құралын тіркеу, тіркеу туралы куәлік және мемлекеттік нөмір алу үшін мемлекеттік баждарды төлеу қажет.

"Тіркеуді кейінге қалдырмаңыздар! Өзіңіз үшін "жағымсыз салдардан" аулақ болу үшін мопедті заң талаптарына сәйкес келтіргеніңіз абзал", - деді департамент бастығы - ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату