Салтанатты жиында аймақ басшысы өңірдегі денсаулық сақтау саласында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, медицина мамандарының қоғамдағы орны ерекше екенін атап өтті.
“Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Ұлт саулығы жақсы болса ғана, қоғам орнықты болады» деген болатын. Адам өмірі мен денсаулығын сақтау – қашан да ең жауапты, ең ізгі де абыройлы міндет. Сіздер осы қасиетті жолда жоғары кәсіби біліктілік пен адами жанашырлық танытып, халықтың шынайы сеніміне ие болып келесіздер, – деді Нариман Төреғалиев.
Жиын барысында сала үздіктеріне “Еңбек ардагері” медалі және ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» және «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгілері, “Құрмет” грамоталары, сондай-ақ облыс әкімінің алғыс хаттары табыс етілді.