Израильдің қорғаныс министрі Исраэль Кац елде төтенше жағдай режимін енгізіп, Тегеран жақын уақытта жауап қайтара алады деп ескертті. Ал премьер-министр Биньямин Нетаньяху шұғыл қауіпсіздік кабинетін жинады.
Израиль армиясының мәлімдеуінше, Иран қазіргі уақытта 15 ядролық оқтұмсық жасауға жететін байытылған уран қорына ие. Тель-Авив бұл жағдайды ұлттық қауіпсіздікке төнген тікелей қатер деп бағалап, ел аумағындағы әуе кеңістігін уақытша жапты.
АҚШ Израильдің шабуылы туралы алдын ала ескертілгенін, бірақ операцияға тікелей қатыспағанын мәлімдеді. АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Тегеранға Таяу Шығыстағы америкалық әскери нысандарға соққы бермеу туралы ескерту жасады.