Әңгіме 2010 жылдан 2018 жылға дейін жолаушы тасымалдаған, кейін Жетіген маңындағы тұрақта шіріп жатқан MAN, Yutong, ПАЗ және ЛиАЗ маркалы автобустар туралы. Белсенділер бұл орынды бір кезде “автобус зираты” деп атап кеткен болатын.
Бұл автобустарды Алматы облысына көшірудің өзі бюджет есебінен жүргізілген — оған 89 миллион теңге жұмсалған. Кейін олар сынған темір бағасымен, әрқайсысы шамамен 280 мың теңгеге сатылып кеткен. Осы уақыт аралығында “Алматыэлектротранс” оларды сақтау үшін де қаржы төлеп келген.
Ресми түрде бұл “экологиялық жаңарту” деп аталғанымен, шын мәнінде — ескі автобустардан құтылып, орнына ештеңе қоймаған. Проблема шешілмегенімен қоймай, жаңасы пайда болды: автобустар азайды, ал жолаушылар саны көбейді.