Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Жарты жылда өндірісте 15 адам қаза тапқан

2025 жылдың басынан бері Қазақстандағы өндіріс орындарында 15 адамның қаза тапқаны, 22 адамның түрлі дәрежеде жарақат алғаны тіркелген. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрі Чингиз Аринов Үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды newsroom.kz.

Жарты жылда өндірісте 15 адам қаза тапқан
Фото: freepik

Министрдің айтуынша, ТЖМ мамандары 16 мыңға жуық тексеріс жүргізіп, өрт және өнеркәсіп қауіпсіздігіне қатысты 105 мыңнан астам заңбұзушылықты анықтаған.

Тексеріс нәтижесінде 7 957 нысанның жұмысы уақытша тоқтатылды, оның 95 пайызы – өрт қауіпсіздігі талаптарының өрескел бұзылуына байланысты.

Министр жиі кездесетін заңбұзушылықтарға мыналарды атады:

  • автоматты өрт сөндіру жүйесінің істен шығуы немесе мүлде болмауы;
  • қызметкерлерге нұсқаулық өткізілмей, жұмысқа жіберілуі;
  • эвакуациялық шығу жолдарының жабық немесе бөгеліп қалуы.

Қазіргі таңда өндіріс нысандарындағы тексерістер жалғасып жатыр. Министрлік адам өмірі мен денсаулығына төнетін қауіптің алдын алу – басты мақсат екенін атап өтті.

Ал, 2024 жылы 1408 адам өндірісте жазатайым зардап шегіп, олардың ішінде 202 адам қаза тапқан. Бұл туралы Үкімет сағатында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыповаайтты.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату