Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Жаңаөзен маңындағы ұңғымада апат болды

10 маусым күні Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласына қарасты Теңге ауылы маңындағы №553 ұңғыманы бұрғылау кезінде жер қойнауынан зиянды заттар атқылап шықты.

Жаңаөзен маңындағы ұңғымада апат болды
Фото: экология департаментінен алынған кадр

Аталған кен орнын «Petro НефтеГазсервис» компаниясы игеріп жатыр. Ресми мәліметке сүйенсек, оқиға орны дереу оқшауланып, заттардың қоршаған ортаға таралуына жол берілмеген.

Кейіннен экология департаменті оқиға орнындағы ауаның құрамын зерттеп, метан газының шекті мөлшерден асып кеткенін тіркеді.

«Метан бойынша шекті мөлшерден (ПДК) артық көрсеткіш анықталды. Бұл бойынша қабылданған шаралар туралы қосымша хабарланады», – делінген құзырлы органның хабарламасында.

Айта кетейік, бұған дейін де Маңғыстаудағы «Толқын» газ кен орнында апат болып, газ бен судың қоспасы жер бетіне атқылап шыққан еді. Бір апаттан соң көп өтпей екіншісі орын алды.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату