Кездесу барысында Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) қазіргі қызметі, оны одан әрі дамыту перспективалары, сондай-ақ экономикалық интеграцияны тереңдету бағыттары талқыланды.
Бақытжан Сағынтаев Мемлекет басшысына IV Еуразиялық экономикалық форумға дайындық барысы жөнінде есеп берді. Аталған форум 2025 жылғы 26–27 маусым күндері Минск қаласында өтетін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы қарсаңында ұйымдастырылмақ.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ЕАЭО аясындағы өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтудың және интеграциялық әлеуетті тиімді пайдаланудың маңыздылығын атап өтті.