Қайғылы оқиға 2 маусым күні орын алған. Полицияның мәліметінше, жолаушылар автобусының жүргізушісі рөлге ие бола алмай, ақпараттық таблоның тіреуішіне соғылған. Көлік ішінде жолаушылар болған. Апат салдарынан 10 адам түрлі жарақат алған. Солардың бірі — 8 жастағы Алуа есімді қыз — қос аяғынан айырылды.
Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, автобус жүргізушісі қамауға алынды.
Алуа көпбалалы отбасынан шыққан. Анасы бес баланы жалғыз өзі тәрбиелеп отыр, әкелерінен ешқандай көмек жоқ. Қазір олар жалдамалы пәтерде тұрады. Анасы қызын аман алып қалу үшін бар күшін салып күресіп жатыр.