«Эпштейн тізімдері» және Масктың мәлімдемесі
Қарым-қатынастың ушығуына Илон Масктың атышулы мәлімдемесі түрткі болды. Ол Джеффри Эпштейнмен байланысты жыныстық қылмыстарға қатысты құпия материалдар – «Эпштейн тізімдері» деп аталатын құжаттар туралы сөз қозғады. Масктың айтуынша, бұл тізімде Дональд Трамптың есімі де бар және дәл осы себептен құжаттар әлі күнге дейін жұртшылыққа жария етілмей келеді.
Бұл мәлімдеме АҚШ-тағы барлық саяси топтар арасында қызу пікірталас тудырды. Эпштейн ісі бұған дейін де бірнеше мәрте ел назарын аударғанымен, Масктың ашық айыптауы бұл тақырыпты қайтадан қоғамдық пікірдің назарын аударды.
Ақ үйдегі жұмбақ кездесу
Маск пен Трамп арасындағы шиеленіс тек сөз деңгейінде ғана емес. Жақында Масктың Ақ үйге барған сапарынан кейін көзі көгеріп шыққаны көпшілікті таңырқатты. Кәсіпкер бұл жараны өзінің ұлы X қойғанын айтқанымен, оқиғаның нақты мән-жайы жарияланған жоқ. БАҚ-та әртүрлі болжамдар – тұрмыстық кикілжіңнен бастап, Ақ үйдің қауіпсіздік қызметімен қақтығысқа дейін – айтылып жатыр. Сол сапар барысында Трамп Маскқа символикалық «алтын кілт» табыстаған.
Әлеуметтік желідегі айыптаулар мен саяси қысым
Осы оқиғалардан кейін Маск өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бірнеше сыни жазба жариялап, Трамппен арадағы қатынастың салқындағанын аңғартты. Ал Трамп жауап ретінде Маскты «есі ауысқан» және «тиімсіз кәсіпкер» деп атап, мемлекет тарапынан берілген келісімшарттар мен субсидияларды қайта қарауға уәде берді. Оның ішінде SpaceX жобалары мен Tesla-ға берілетін экологиялық жеңілдіктер де бар.
Не болды? Не болады?
Ақ үйдің жабық есігінің ар жағында нақты не болғаны әзірге белгісіз. Бірақ бір нәрсе анық:
Трамп пен Маск арасындағы одақ ресми түрде аяқталды.
Олардың арасындағы бұл қақтығыс енді ғана басталып жатқан секілді. Бұл текетірес тек екі адамның амбициясы ғана емес, Америкадағы ірі технологиялық және саяси күштердің қақтығысына айналуы мүмкін.