Куәгерлердің айтуынша, аспанда жылжып бара жатқан жарық нүктелері бір сәтте көзден таса болған.
Қазақстан Қорғаныс министрлігі бұл нысандардың нақты не екенін әзірге анық білмейтінін хабарлады. Алайда «бөтен күштер еліміздің әуе кеңістігін бұзған жоқ» деп сендірді.
Осыған ұқсас жарықтар көршілес Қырғызстан астанасы Бішкектің аспанынан да байқалған.
Айта кетейік, 2023 жылы Астана мен Алматыда да дәл осындай тізбекті жарықтар көрініп, кейінірек олардың SpaceX ұшырған спутник қалдықтары екені анықталған.