Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
5 маусым, 2025 / Перизат Ілес / Әлем

Ауғанстанға алғашқы жолаушылар пойызы аттанады

Тарихтағы алғашқы жолаушылар пойызы он күннен кейін Иранның Хаф қаласы мен Ауғанстанның Герат қаласы арасында қатынай бастайды,- деп хабарлайды newsroom.kz

Ауғанстанға алғашқы жолаушылар пойызы аттанады

Ауғанстан пойыздың іске қосылуы азаматтардың қозғалысын жеңілдету және Ауғанстан мен Иран арасындағы байланысты нығайту жолындағы маңызды қадам болатынын атап өтті.

Мақалада Ираннан Ауғанстанға дейінгі теміржол құрылысы сонау 2007 жылы басталғаны айтылады. Жолдың ұзындығы 225 шақырымды құрайды. Оның үстіне жол бастапқыда жүк пойыздары үшін салынды.

Ауғанстанның өзінде жолаушы теміржол қатынасы жоқ, Мешхед пен Герат арасында автобустар мен шағын автобустар жүреді.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату