Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

БҚО-да қайғылы оқиға: өрттен бес бала көз жұмды

Батыс Қазақстан облысының Сырым ауданына қарасты Жымпиты ауылында жантүршігерлік жағдай орын алды — жеке тұрғын үйде болған өрт салдарынан бес бірдей бүлдіршін өмірмен қоштасты. Бұл туралы newsroom.kz порталы SHYNDYK.KZ-ке сілтеме жасап.

БҚО-да қайғылы оқиға: өрттен бес бала көз жұмды

Төтенше жағдай кешкі уақытта болған. Алғашқы мәліметтерге сәйкес, жалын тұтанған сәтте балалар үйде жалғыз болған. Анасы сол уақытта үйден қысқа уақытқа шығып кеткен. Ал әкелері туралы мәлімет жоқ — оның аты балалардың туу туралы куәліктерінде көрсетілмеген.

Құтқарушылар оқиға орнына жедел жетіп, өртке оранған үйден балаларды алып шықты. Өкінішке қарай, олардың бәрі ес-түссіз күйде аудандық ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер жан аямай көмек көрсетуге тырысқанымен, өкінішке орай, бес баланың да өмірін сақтап қалу мүмкін болмады.

Қаза болған балалар 2019, 2020, 2021, 2023 және 2024 жылдары дүниеге келген. Ең үлкені небәрі бес жаста болса, кенжесі бір жасқа да толмаған. Барлығы — бір отбасындағы ағалы-қарындастар. Алдын ала мәлімет бойынша, олардың өліміне көмірқышқыл газынан улану себеп болуы мүмкін.

Қазір оқиғаға байланысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 

Бұл — тек бір отбасының емес, тұтас елдің қабырғасын қайыстырған қасірет.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату