Ақпаратқа сәйкес, белгісіз диверсанттар жол-өлшеу пойызы өтіп бара жатқан кезде Унеча-Жеча учаскесінде темір жолды жарып жіберген. Зардап шеккендер жоқ, пойызға зақым келген жоқ. Жарылыс орнында төтенше жағдайлар қызметі жұмыс істеп жатыр.
Еске салайық, 31 мамыр күні кешке Брянск облысында Климов-Мәскеу бағытында келе жатқан No86 жолаушылар пойызында көпір опырылып құлаған болатын. Соңғы мәліметтер бойынша, апат жеті адамның өмірін қиды, 73-і жарақат алды, оның үшеуі бала.