Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
30 мамыр, 2025 / Перизат Ілес / Sportroom

12 миллион еуро: Криштиану Роналду “Аль Наср” командасында қалатын болды

«Аль-Наср» клубының 40 жастағы португалиялық шабуылшысы Криштиану Роналду мансабын саудиялық клубта жалғастырады,- деп хабарлайды newsroom.kz

12 миллион еуро: Криштиану Роналду “Аль Наср” командасында қалатын болды

Дереккөздің хабарлауынша, Роналду «Аль-Насрмен» жаңа келісімшартқа қол қойған. Келісімнің егжей-тегжейлері жария етілмейді.

Еске салайық, өткен маусымда Роналду «Аль-Наср» сапында барлық турнирлерде 41 матч өткізіп, 35 гол соғып, 4 нәтижелі пас берген. Футболшының қазіргі клубымен қазіргі еңбек келісімі 2025 жылдың 30 маусымына дейін жарамды. Transfermarkt интернет-порталында ұсынылған ақпаратқа сәйкес, футболшының нарықтағы құны 12 миллион еуроны құрайды.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату