Португалдық жейдеге: «Бейбітшілікті жақтайтын президент Дональд Трампқа» деп жазды. Кәдесыйды Трампқа Еуропалық кеңес басшысы Антонио Коста табыс етті.
Роналду 40 жаста. Португалиялық бес дүркін Чемпиондар лигасының жеңімпазы, Еуропа чемпионы, Ұлттар лигасының екі дүркін жеңімпазы, ұлттық құрамалар, Еуропа чемпионаттары, Чемпиондар лигасы және клубтар арасындағы әлем чемпионаттарының тарихындағы үздік бомбардир. Роналду өзінің мансабында ресми матчтарда 900 голға жеткен алғашқы футболшы болды.