Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Электросамокатқа салынған инвестиция — алаяқтық болып шықты

Қызылорда облысында шетелдік инвестициялық жоба түрінде жасырылған қаржы пирамидасының ірі схемасы әшкереленді. Қаржылық мониторинг агенттігінің (ҚМА) мәліметінше, HRT деп аталатын жобаға 200-ден астам адам алданып қалған.

Электросамокатқа салынған инвестиция — алаяқтық болып шықты
Фото: РБК

Алаяқтар қазақстандықтарға Еуропада электросамокат жалға беру ісіне инвестиция салуды ұсынып, "табысты бизнес" ретінде жарнамалаған. Қатысушылар криптовалюта арқылы қаржы құюы тиіс болған. Яғни, олар электронды биржалардан арнайы есепшотқа қаражат аударған. Есесіне, тұрақты пассив табыс уәде етілген.

Алайда бұл жобаға кіру үшін әр адам кемінде екі жаңа инвестор тартуға міндетті болған. Қазір HRT қызметі тоқтатылып, іс құқық қорғау органдарына жолданды.

ҚМА ескертеді: табыс нақты өнім не қызметтен емес, тек жаңа қатысушыларды тартуға негізделген жобалар — бұл алаяқтықтың айқын белгісі! 

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату