Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

2027 жылы үстел теннисінен әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді

Астана қаласы 2027 жылы үстел теннисінен әлем чемпионатын қабылдайтын болды. Бұл туралы шешім 27 мамыр күні Халықаралық үстел теннисі федерациясының (ITTF) Бас ассамблеясының отырысында қабылданды. Ассамблея барысында 2027, 2028 және 2029 жылдары өтетін әлем біріншіліктерін ұйымдастыратын елдер анықталды, деп хабарлайды newsroom.kz.

2027 жылы үстел теннисінен әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді
Фото: Olympic.kz

Бірінші дауыс беру кезеңінде АҚШ ең аз дауыс жинап, келесі айналымға Қазақстан мен Франция өтті. Финалдық кезеңде Қазақстан 54,68% дауыс жинаса, Франция 45,32% дауыспен екінші орынға тұрақтады. Осылайша, еліміз тарихта алғаш рет үстел теннисінен әлем чемпионатын өткізетін мемлекет ретінде таңдалды.

Бұл шешім Қазақстан үшін үлкен жетістік әрі әлемдік спорт аренасындағы мәртебесінің артуына ықпал етпек. Еліміз бұған дейін де халықаралық деңгейдегі ірі спорттық шараларды табысты өткізген. Атап айтқанда, 2023 жылы Астанада ұйымдастырылған Азия чемпионаты жоғары деңгейде өтіп, халықаралық қауымдастық тарапынан оң бағаланған еді. Сарапшылардың айтуынша, дәл осы чемпионаттағы табысты ұйымдастыру жұмыстары ITTF шешіміне әсер еткен негізгі факторлардың бірі болды.

Халықаралық федерация алдағы үш жылдағы чемпионаттарды өткізетін елдерді де жария етті:

2027 жыл – Қазақстан (Астана),

2028 жыл – Жапония (Фукуока),

2029 жыл – Бразилия (Рио-де-Жанейро).

Қазақстанның бұл жетістігі – тек спорт саласындағы емес, елдің халықаралық беделін арттыратын маңызды қадам. Сонымен қатар, бұл жеңіс үстел теннисімен шұғылданатын жастар мен жаттықтырушыларға жаңа серпін береді. Спортшылар, бапкерлер, жанкүйерлер және спорт ардагерлері үшін бұл – ортақ қуаныш.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату