Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Ақтөбеге шұғыл қонған ресейлік ұшақтың жолаушысы көз жұмды

Бүгін Екатеринбург–Сочи бағытымен ұшқан Nordwind Airlines ұшағы Қазақстан әуе кеңістігінде апаттық белгі беріп, бағытын өзгертіп, Ақтөбе әуежайына шұғыл қонды, деп хабарлайды newsroom.kz.

Ақтөбеге шұғыл қонған ресейлік ұшақтың жолаушысы көз жұмды

Flightradar24 дерегінше, әуе кемесі Мұқыр ауылының үстінен бұрылып, көп ұзамай жерге қонған. 
Nordwind Airlines әуекомпаниясының ұшағында жолаушының бірі өзін жайсыз сезініп, кейін оның көз жұмғаны белгілі болды.

«Оның себебін дәрігерлер айта жатар. Ұшақ әлі де Ақтөбе әуежайында тұр. «Жолаушының денесінің алып кете ме, қалдыра ма» деген сұрақты шешіп, кейін ұшады. Қазір нақты қай уақытта сапарды жалғастыратыны белгісіз. Оны экипаж мүшелері шешеді. Ұшақтан жолаушылар шығарылған жоқ, бәрі ішінде отыр», - деді «Әлия Молдағұлова Ақтөбе халықаралық әуежайы» АҚ басқарма төрағасы Дастан Малиев.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату