Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Аквапаркке тегін кіру алматылықтарды әп-сәтте аласапыранға салды

26 мамыр таңертең Алматыдағы «Aпорт» сауда орталығында жүздеген адам дүрлікпе туғызды. Бұған аквапаркке тегін кіру туралы хабар себеп болды, деп хабарлайжы newsroom.kz.

Аквапаркке тегін кіру алматылықтарды әп-сәтте аласапыранға салды
Ашық дереккөзден

ТРЦ әкімшілігі арнайы акция жариялап, алғашқы 100 адамға суға түсу мүмкіндігін тегін ұсынған. Мұны естіген жұрт сауда орталығының ішіне қарай жапа-тармағай жүгіріп, бірін-бірі итеріп, озуға тырысты.

Оқиға сәті түсірілген бейнежазбалар желіге тарап кетті. Көпшілік наразы пікір білдіріп жатыр. Кейбір қолданушылар бұл жағдайды өрт кезіндегі үреймен салыстырып отыр.

«Шынымен-ақ бір реттік тегін билет үшін адам абыройын аяққа таптау қажет пе?» — деп ашынған жұрт ТРЦ басшылығынан түсініктеме талап етуде.

Науқан ұйымдастырушылары әзірге ешқандай пікір білдірген жоқ. Қала тұрғындары мұндай акциялар кезінде ең алдымен қауіпсіздік жағын ойлау керек екенін еске салуда.

Айта кетейік, осыған ұқсас жағдай биыл наурыздың соңында Астанадағы «Әзірет Сұлтан» мешітінің жанында болды. Онда тегін палау тарату кезінде жұрт бірін-бірі жаншып, дүрлігеді.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату