Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 8 маусымдағы №912 Жарлығымен бекітілген облыс, республикалық маңызы бар қала және астана әкімдерін тағайындауға келісім беру тәртібінің 5-тармағына сәйкес, Алматы қаласы мәслихаты 2025 жылғы 24 мамырда сағат 12:00-де жаңа әкімді тағайындауға келісім беру мақсатында депутаттардың жиналысы өтетінін хабарлайды.
Айта кетейік, Ерболат Досаев Алматы қаласының әкімі қызметіне 2022 жылғы 31 қаңтарда тағайындалған болатын.