Депутаттық сауалында ол ғарыш кешеніне мемлекеттік сатып алуларда артықшылықтар беруді ұсынды.
«Ғарыш саласын дамытудың негізгі бағыты ретінде университеттер мен стартаптардың қатысуымен шағын спутниктерді жасауды қарастыруға болады. Сондай-ақ, спутниктерді басқару орталығын кеңейтіп, Қазақстанды ғарыш қызметтерін – өндіріс, ұшыру, технологиялық қолдау – экспорттайтын ел ретінде таныстыру маңызды», – деді Лукин.
Сенатордың қосымша ұсыныстары:
- спутниктік деректерді ауыл шаруашылығы, құрылыс, экологияны қорғау және төтенше жағдайларды жою салаларында пайдалану;
- инженерлік-ғарыш факультеттерін ашу, тағылымдамаларды қолдау және ғылыми базаларды дамыту;
- спутниктік бағдарламаны жаңғырту және ғарышқа жеңіл тасымалдаушы зымыран ұшыру;
- Байқоңырда арнайы экономикалық аймақ құру.
Айта кетейік, бұған дейін Ресейдің Байқоңырдан мүлде бас тартуы мүмкін екені туралы ақпарат тараған еді.