weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тыл ардагерін Жеңіс күнімен құттықтады

Жеңіс күнінің 80 жылдығы қарсаңында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті тыл ардагеріне құрмет көрсетті.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тыл ардагерін Жеңіс күнімен құттықтады

Мерекелік кездесудің басты кейіпкері — 90 жастағы ардагер. Ол – соғыс жылдарындағы ауыр еңбек пен қиындықтың куәгері, тарихтың тірі шежіресі.

Ардагерге естелік сыйлықтар табысталып, Жеңіске адалдығы мен ерен еңбегі үшін алғыс білдірілді. Іс-шараға салтанатты сипат беру үшін Ұлттық ұлан взводы әскери марштар орындады.

Ерлік, борыш пен ар-намыс – ардагердің өмірлік ұстанымдары. Ол бүгінде мызғымас рух пен Отанға деген адалдықтың символына айналып отыр.