Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

«Жер алып беремін» дейтін алаяқтардан сақ болыңыз – Қызылордада түсіндіру жұмыстары өтті

Қызылордада «Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету аясында тұрғындарға арналған кеңес беру кездесуі өтті. Шараны Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаменті ұйымдастырды.

«Жер алып беремін» дейтін алаяқтардан сақ болыңыз – Қызылордада түсіндіру жұмыстары өтті

Кездесу «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының облыстық филиалында – Халыққа қызмет көрсету орталығында өтті. Мақсат – жер телімдерін бөлу мен тұрғын үй алу кезінде жиі кездесетін алаяқтық әрекеттердің алдын алу, тұрғындарға құқықтық кеңес беру және қоғам мен құқық қорғау органдары арасындағы байланысты нығайту.

Шараға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, облыстық полиция департаменті және қалалық әкімдік өкілдері қатысты.

Кездесу барысында тұрғын үй кезегін "жылжытып беремін", "жер алып беремін" деп уәде беретін алаяқтардан сақ болу керектігі ескертіліп, нақты мысалдар келтірілді. Сонымен қатар, алаяқтық белгілерін анықтау, азаматтарды қорғау және құқықбұзушыларды жауапқа тарту жолдары түсіндірілді.

Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлық деректері туралы хабарлау үшін 1424 нөміріне тегін қоңырау шалуға болатыны айтылды.

 

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату