Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Трамп Путинмен не туралы сөйлескенін айтты

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей басшысы Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлескенін мәлімдеді. Truth Social желісіндегі жазбасында ол бұл әңгіменің сәтті өткенін атап өтті.

Трамп Путинмен не туралы сөйлескенін айтты
Коллаж: newsroom.kz

Трамптың айтуынша, Ресей мен Украина жақын уақытта атысты тоқтату, әрі одан да маңыздысы — соғысты аяқтау жөнінде келіссөздер бастамақ.

Ол сондай-ақ Мәскеудің соғыстан кейін АҚШ-пен ауқымды сауда жүргізуге мүдделі екенін жеткізді. Трамп Ресейдің экономикалық әлеуетін «шексіз» деп бағалады.

Оның сөзіне қарағанда, Украина да соғыстан кейін елін қалпына келтіріп, жаңа сауда байланыстары арқылы экономикалық пайда көре алады.

«Келіссөздер дереу басталады. Мен бұл туралы Украина президенті Владимир Зеленскийге, Еурокомиссия басшысы Урсула фон дер Ляйенге, Франция президенті Эммануэль Макронға, Италия премьер-министрі Джорджия Мелониге, Германия канцлері Фридрих Мерцке және Финляндия президенті Александр Стуббқа хабарладым», — деді Трамп.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату