Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Өскеменнің өндірістік аймағын қою түтін мен қара газ басты

19 мамыр күні Өскемен қаласының Согра шағын ауданындағы титано-магний комбинаты маңын қалың түтін басты. Әлеуметтік желілерде бұл аумақты басып қалған қою қара түтіннің видеосы тарады, деп хабарлайды newsroom.kz.

Өскеменнің өндірістік аймағын қою түтін мен қара газ басты
Фото: қала тұрғыны түсірген фото

Оқиға орнына экологтар шұғыл жетті. Облыстық экология департаментінің мәліметінше, ауа құрамын өлшеу барысында хлордың шекті рұқсат етілген мөлшерден асып кеткені анықталған.

Ауылдық округ әкімдігі бұл жағдай облыс басшылығының жіті бақылауында екенін хабарлады. Қазіргі таңда тұрғындардың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп жоқ. Дегенмен барлық тиісті және шұғыл қызметтер жоғары дайындық режиміне көшірілді.

Қала тұрғындарына далаға сирек шығуға, терезе мен есіктерді жауып ұстауға және көп мөлшерде сұйықтық ішуге кеңес берілуде.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату