Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Тараздың бұрынғы әкім орынбасары сыбайлас жемқорлық үшін түрмеге қамалды

Құрылыс саласындағы жемқорлық ісі бойынша үкім шықты. Тараз қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Нұрбол Қалдыбаев қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деп танылып, 4 жылға бас бостандығынан айырылды.

Тараздың бұрынғы әкім орынбасары сыбайлас жемқорлық үшін түрмеге қамалды

Орда дерегінше, онымен бірге мердігер компанияның өкілі де сотталды. Ол алаяқтық бабы бойынша 6 жылға түрмеге тоғытылды.

Тергеу мәліметінше, 2022 жылғы шілдеден 2023 жылғы қарашаға дейін Қалдыбаев Тараз қаласы әкімдігінде құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық салаларына жетекшілік ете отырып, ауыр заңбұзушылықтарға жол берген.

Атап айтқанда, «Ұлы Дала» жаңа шағынауданындағы екі көпқабатты үйдің құрылысы толық аяқталмаса да, олар пайдалануға берілген деп ресми қабылданған.

Бұл нысандарға мемлекеттік бюджеттен 1,2 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінген, ал мемлекетке келген залал — 137 миллион теңге.

Қалдыбаев 2023 жылғы 11 желтоқсанда, қызметінен кеткеннен үш аптадан кейін Антикор тарапынан ұсталды.

Сотта ол өз кінәсін мойындамады. Алайда мердігер оның нысандардың нақты жағдайынан хабардар болғанын және жалған қабылдау актілеріне қол қойғанын айтты

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату