Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

8 мамырға арналған ауа райы болжамы

Оңтүстіктен келіп жатқан циклонның өтуіне байланысты бейсенбі, 8 мамырда Қазақстанның басым аумағында ауа райы тұрақсыз болады. Бұл туралы «Казгидромет» дерегіне сілтеме жасап newsroom.kz хабарлайды.

8 мамырға арналған ауа райы болжамы
Ашық дереккөзден

Көп өңірде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік-батыста қатты жаңбыр болжануда. Тек шығыс аймақтарда ғана жауын-шашынсыз күн күтіледі.

Ел аумағында жел күшейіп, оңтүстікте шаңды дауыл мен дауылдық екпін байқалуы ықтимал. Түнде және таңертең солтүстік пен солтүстік-батыста тұман түседі.

Алматы облысында және Жамбыл облысының оңтүстік-батысында күн қатты ысиды.

Түркістан облысының шөлейтті аймақтарында, Қызылорда облысының орталығы мен шығысында, Жамбыл облысының батысында ерекше өрт қаупі күтіледі. Қалған өңірлерде де жоғары өрт қаупі сақталады.

Қалалар бойынша ауа райы болжамы:

Астана: Ауыспалы бұлт, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соққан жел 3-8 м/с. Түнде +12…14°C, күндіз +28…30°C.

Көкшетау: Ауыспалы бұлт, жауын-шашынсыз. Жел 5-10 м/с. Түнде +13…15°C, күндіз +25…27°C.

Алматы: Ауыспалы бұлт, жауын-шашынсыз. Жел 3-8 м/с. Түнде +16…18°C, күндіз +31…33°C.

Қонаев: Ауыспалы бұлт, жауын-шашынсыз. Жел 9-14, күндіз екпіні 15 м/с. Түнде +13…15°C, күндіз +32…34°C.

Талдықорған: Ауыспалы бұлт, жауын-шашынсыз. Жел 5-10 м/с. Түнде +9…11°C, күндіз +32…34°C.

Шымкент: Ауыспалы бұлт, жауын-шашынсыз. Жел 8-13, күндіз екпіні 15-20 м/с. Түнде +19…21°C, күндіз +33…35°C.

Түркістан: Ауыспалы бұлт, жауын-шашынсыз. Жел 8-13, күндіз екпіні 15-20 м/с. Түнде +20…22°C, күндіз +34…36°C.

Орал: Ауыспалы бұлт, күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ. Жел 9-14 м/с. Түнде +10…12°C, күндіз +25…27°C.

Атырау: Ауыспалы бұлт, жауын-шашынсыз. Жел 3-11 м/с. Түнде +14…16°C, күндіз +26…28°C.

Ақтау: Ауыспалы бұлт, жауын-шашынсыз. Жел 7-12 м/с. Түнде +13…15°C, күндіз +20…22°C.

Ақтөбе: Бұлтты, жаңбыр, найзағай, түнде кей жерлерде қатты жаңбыр. Жел 7-12 м/с. Түнде +12…14°C, күндіз +21…23°C.

Қостанай: Бұлтты, жаңбыр, найзағай, бұршақ. Жел 9-14 м/с. Түнде +11…13°C, күндіз +21…23°C.

Петропавл: Бұлтты, жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ. Жел 9-14 м/с. Түнде +12…14°C, күндіз +18…20°C.

Павлодар: Ауыспалы бұлт, жауын-шашынсыз. Жел 7-12 м/с. Түнде +12…14°C, күндіз +29…31°C.

Қарағанды: Ауыспалы бұлт, жауын-шашынсыз. Жел 5-10 м/с. Түнде +11…13°C, күндіз +28…30°C.

Жезқазған: Ауыспалы бұлт, жауын-шашынсыз. Жел 5-10 м/с. Түнде +13…15°C, күндіз +30…32°C.

Өскемен: Ауыспалы бұлт, жауын-шашынсыз. Жел 5-10 м/с. Түнде +8…10°C, күндіз +26…28°C.

Семей: Ауыспалы бұлт, жауын-шашынсыз. Жел 7-12 м/с. Түнде +10…12°C, күндіз +28…30°C.

Қызылорда: Ауыспалы бұлт, күндіз өткінші жаңбыр, найзағай, шаңды дауыл. Жел 8-13, күндіз екпіні 15 м/с. Түнде +17…19°C, күндіз +34…36°C.

Тараз: Ауыспалы бұлт, күндіз өткінші жаңбыр, найзағай. Жел 9-14, күндіз екпіні 15-20 м/с. Түнде +15…17°C, күндіз +35…37°C.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату