1. Сараланған төлем әдісін таңдаңыз
Несие алғанда аннуитет емес, сараланған (дифференциалды) төлемді таңдаған тиімді.
Алғашқы айларда көбірек төлеуіңіз мүмкін, бірақ жалпы пайыздық төлем аз болады.
Бұл әсіресе ұзақмерзімді ипотекада тиімді.
2. Ай сайын қосымша ақша аударыңыз
Қол бос кезде аз сома болса да (5000–10000 теңге) артық төлеп отырыңыз — бұл мерзімді де, артық төлемді де азайтады.
3. Төлемнің ең көп бөлігін негізгі қарызға бағыттаңыз
Банкке арнайы өтінішпен жүгініп, артық төлемді пайыз емес, тікелей негізгі қарызды жабуға бағыттауды сұраңыз.
4. Қайта қаржыландыру (рефинанс)
Басқа банктен төмен пайызбен несие алып, бұрынғы қарызды өтесеңіз – ай сайынғы төлеміңіз азаяды.
Мысалы, 24% болған қарызды 17% мөлшерлемемен жабу – ондаған мың теңге үнем.
5. Төлемді автоматтандырыңыз
Кешігу – айыппұл, ал айыппұл – қосымша шығын. Сондықтан автотөлем орнатып қойыңыз.
Кредиттің өзі емес, оны басқару маңызды. Сіз кредитті емес – несие сізді басқармасын!