Парақорлық ең көп тіркелген өңірлер:
Астана – 155 дерек
Шымкент – 89
Алматы – 66
Алматы облысы – 68
Абай облысы – 54
Шығыс Қазақстан – 53
Павлодар облысы – 51
Жетісу облысы – 49
Түркістан – 49
Қарағанды – 47
Жамбыл – 45
Қызылорда және Қостанай – 44-тен
Ақтөбе – 41
Атырау – 34
Батыс және Солтүстік Қазақстан – 30-дан
Ақмола – 24
Маңғыстау – 22
Ұлытау – 20
Жазаға тартылғандар кімдер?
2024 жылы 988 адам сыбайлас жемқорлыққа байланысты жауапкершілікке тартылған.
Олардың ішінде:
260 адам – пара алған
348 адам – пара берген
30 адам – делдал болған
52 адам – қызметтік өкілетін асыра пайдаланған
Сот үкімімен 914 адам кінәлі деп танылды. Оның ішінде ең көбі — пара беру (297 іс) мен пара алу (242 іс) бойынша. Сонымен қатар, 128 адам мемлекет қаржысын жымқырғаны үшін сотталған.
Тікелей Антикор қызметі тергеген істер бойынша 660 адам жауапқа тартылды. Олардан мемлекетке келген шығын көлемі – 486,1 млрд теңге.
Қай салада парақорлық жиі кездеседі?
Акимат қызметкерлері – 223 дерек
Квазимемлекеттік сектор – 106
Полиция – 102
Ауыл шаруашылығы министрлігі – 29
Қаржы министрлігі – 28
Төтенше жағдайлар министрлігі – 14
Салалар бойынша:
Білім беру – 154
Ауыл шаруашылығы – 63
Денсаулық сақтау – 49
Әлеуметтік қамсыздандыру – 48
Үш жылдағы өзгеріс:
2022–2024 жылдар аралығында сыбайлас жемқорлық фактілері 9%-ға азайған:
2022 ж. – 1118
2023 ж. – 1099
2024 ж. – 1015
Сәуірдің 10-ы күні Антикор басшысы Асхат Жұмағали Президентке елдегі жемқорлықпен күрестің нәтижесін баяндады. Биылғы үш айда 521 қылмыс тіркеліп, 257 лауазымды тұлға, соның ішінде 141 басшы әшкереленген. 366 іс сотқа жолданған.