Қыздың есімі — Фатеме Солтани. Ол сұлулық салонында жұмыс істегенін әкесінен жасырып келген, өйткені ер адамның бұған дейін отбасына күш көрсеткен әрекеттері болған. Әкесі оның Instagram парақшасынан телефон нөмірін байқап қалып, сол арқылы қызының жұмыс орнын анықтаған.
Қанды оқиға 18 сәуір күні таңертең болған. Куәгерлердің сөзінше, ер адам сұлулық салонына кіріп келіп, қызын бірнеше рет пышақтаған. Кейін оның басына зақым келтірмек болған сәтінде айналасындағылардың айқайынан кейін оқиға орнынан қашып кеткен.
Болжам бойынша, ол қылмыс жасаған соң әйеліне хабарласып, қайғылы жағдайға өзі себепкер болғанын айтқан.
Иранның құқық қорғау органдары күдіктіні қолға түсірді. Қазір бұл іс бойынша тергеу жүріп жатыр.