weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

ҰҚК қызметкерінің өлімі суицидке итермелеу бабы бойынша тергеліп жатыр

Астанада ҰҚК-нің Сыртқы барлау қызметі директорының орынбасары Бауыржан Алпысовтың қазасы ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы – “өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу” бойынша тергеліп жатыр. Бұл ақпаратты Ішкі істер министрлігі  растаған.

ҰҚК қызметкерінің өлімі суицидке итермелеу бабы бойынша тергеліп жатыр
Фото: ашық дереккөзден

Марқұмның денесі 21 сәуір таңертең биіктіктен құлағанға ұқсас белгілермен табылған.

«Аталған факт бойынша Қылмыстық кодекстің 105-бабы бойынша іс қозғалды. Қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, сараптамалар тағайындалды. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр», – деп мәлімдеді ІІМ.

Ведомство өкілдері Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сүйене отырып, басқа мәліметтер жария етілмейтінін айтты.

Курсив сайтының дерегінше, марқұм Бауыржан Алпысов 2024 жылдың желтоқсанынан бері отбасымен бірге Астанадағы «Рахат» тұрғын үй кешенінде тұрған. Алдын ала болжам бойынша, ол 16-қабаттағы пәтерінің балконынан құлап кеткен. Көршілері оны сабырлы, ешкіммен жанжалдаспайтын адам ретінде сипаттаған. Жерлеу рәсімі Көктал-2 шағын ауданында өткен.