Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Әлеуметтік байланыстар менталды денсаулықтың ресурсы ретінде: ҚСЗИ зерттеуі қандай?

Қазақстандағы әлеуметтік байланыстардың жай-күйіне әлеуметтанулық талдау халықтың едәуір бөлігінің арасында тығыз әлеуметтік қарым-қатынастардың сақталғанына қарамастан, олардың тарылуы мен әлсіреуінің алаңдатарлық белгілері тіркеліп жатқанын көрсетеді,- деп хабарлайды newsroom.kz

Әлеуметтік байланыстар менталды денсаулықтың ресурсы ретінде: ҚСЗИ зерттеуі қандай?

Осылайша, ҚСЗИ тапсырысы бойынша жүргізілген әлеуметтанулық сауалнама деректері бойынша қазақстандықтардың жақын туыстық байланыстарының құрылымы былайша сипатталады: респонденттердің үштен біріне жуығы 10 адамға дейін туыстарымен тығыз қарым-қатынаста болады; бестен бірінде 5–9 туыстық желі бар; тағы бір үштен бір бөлігі 3-4 туыстарымен белсенді байланыста болады, және респонденттердің 10%-ы тек біреумен ғана шектеледі немесе олардың жақын қарым-қатынаста болатын жақын туыстары жоқ.

Туыстық байланыстардың ерекше рөлі бар – олар отбасыда қалыптасатын және бүкіл өмір бойы өз әсерін сақтайтын берік «зәкір» іспетті. Дәл осы жақын туыстардың ортасында адам алғаш рет эмпатия, сенім және өз эмоцияларын реттеу дағдыларын меңгереді, ал бұл менталды бұзылулардың алдын алудағы аса маңызды факторлар болып саналады. Бүгінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша, еңбекке жарамсыздық салдарынан жоғалған өмір жылдарының шамамен алтыдан бір бөлігін психикалық ауытқулар құрайды, ал ауыр формадағы сырқаттары бар адамдардың өмір сүру ұзақтығы жалпы халықтық орташа көрсеткіштен 10–20 жылға қысқарады. Соңғы жылдардағы зерттеулер 10–24 жас аралығындағы жастар арасында депрессия, мазасыздық және суицидтік көңіл-күй деңгейінің күрт өсуін де көрсетіп отыр: бұл жас тобында барлық аурулар ауыртпалығының шамамен 45%-ы тиесілі. Мұның бәрі цифрландыру мен әлеуметтік оқшаулау бұл үрдістерді, әсіресек кейінгі әлемде қалай күшейткенін көрсетеді.

Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының (ҚСЗИ) тапсырысы бойынша 2024 жылғы сәуір айында жүргізілген әлеуметтанулық сауалнамада[i]респонденттерге келесі сұрақ қойылды: «Сіз маңызды деп санайтын мәселелер жөнінде ашық сөйлесе алатын қанша туысыңыз бар?».

Ұсынылған жауап нұсқалары және олардың үлестері төмендегідей болды:

• 10 және одан да көп туыстар – респонденттердің 29,9%-ы,

• 5–9 туыс – респонденттердің 21,3%-ы,

• 3–4 туыс – респонденттердің 28,2%-ы,

• 2 туыс – респонденттердің 10,3%-ы,

• 1 туыс – респонденттердің 5,3%-ы,

• Мүлде жоқ – респонденттердің 5,0%-ы.

Әлеуметтік байланыстарды талдау Қазақстанда танымал болып келе жатқан «Данбар шеңберлерінің» (Робин Данбар) [ii]психологиялық теориясы позициясынан жүзеге асырылатын болады. Данбардың пікірінше, әрбір адам әлеуметтік байланыстарда жақындықтың бірнеше қабатына ие, бірақ адам «жақын» қарым-қатынастардың шектеулі санын ғана тұрақты түрде сақтай алады. Неліктен? Біріншіден, біздің танымдық қабілетіміздің шегі бар. Приматтардағы неокортекс көлемін және олардың әлеуметтік топтарының мөлшерін салыстырмалы талдау негізінде Данбар қазір кеңінен танымал «Данбар нөмірін» шығарды — бұл шамамен 150 тұрақты қарым-қатынастар, олармен біз үнемі байланыста болып, басқа біреудің психологиялық жағдайын түсіне аламыз. Осы жалпы шек шеңберінде әлеуметтік байланыстар бірнеше концентрлік «шеңберлерге» ұйымдастырылған, олардың әрқайсысы алдыңғысынан екі есе кең, ал эмоционалдық жақындық шамамен жартысына тең:

• 1 шеңбер (5 адам дейін) – «қолдау тобы» (support clique). Бұл ең жақын адамдар, кез келген қиын жағдайда көмектесетіндер.

• 2- шеңбер (15 адамға дейін) – бұл біз үнемі уақыт өткізетін және маңызды тақырыптарды талқылайтын достар, бірақ бәрін ұсақ-түйекке дейін бөлісуге жақын емес.

• 3-шеңбер (50 адамға дейін) – достардың «ішкі шеңбері». Біз достық қарым-қатынаста болатын адамдар, олармен күнде емес, мезгіл-мезгіл кездесу болады.

• 4-шеңбер (150 адамға дейін) – мұның бәрі біз атымен атай алатын, ара-тұра достық қарым-қатынаста болатын адамдар.

• 5-шеңбер (500 адамға дейін) – «таныстардың кең шеңбері». Адамдарды біз көзбен танимыз, бірақ олармен қарым-қатынасымыз үстірт.

• 6-шеңбер (1500 адамға дейін) – «пассивті қабылдау желісі», аты немесе беті сізге таныс, бірақ байланыс орнатылмаған немесе өте сирек кездесетіндер.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату