weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
28 сәуір, 2025 / Перизат Ілес / Sportroom
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

«Жетісу» волейболшы қыздары Азияның Чемпиондар лигасында топ жарды

«Жетісу» Филиппин елінде волейболдан әйелдер командалары арасында өткен Азияның Чемпиондар лигасында топ жарды,- деп хабарлайды newsroom.kz

«Жетісу» волейболшы қыздары Азияның Чемпиондар лигасында топ жарды

Ақтық сында талдықорғандық спортшылар вьетнамдық «Бин Дьен Лонг» командасын 3:1 есебінен ұтып, өз тарихында тұңғыш рет Азия Чемпиондар лигасының алтын медаліне қол жеткізді, - деп мәлімідеді Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

 Еске салсақ, «Жетісу» командасы бұған дейін Азияның клубтық Чемпиондар лигасына тоғыз рет қатысып, екі мәрте – 2010 және 2013 жылдары күміс медаль алған болатын. Ал биылғы чемпионатта алтыннан алқа тағып, осылайша жетісулық команда алдағы қыркүйекте Таиландта өтетін клубтық Әлем чемпионатына жолдама алды.

Атап өтсек, Азия Чемпиондар лигасына Қазақстан, Таиланд, Филиппин, Қытай, Вьетнам, Қытай, Гонконг, Иордания және Иранның үздік әйелдер клубтары қатысқан болатын.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→