"Балалар жылап жатты, түтіннен тыныс алу өте қиын болды. Бірақ біз бір секунд та жоғалтуға болмайтынын білдік", – деді гвардияшылар.
Асхат Байсейітов, Қыдырбай Ерлан, Вячеслав Қожахметов және Михаил Бубнов тек үш баланы аман алып қана қоймай, газ баллонын да сыртқа шығарып үлгерді. Бұл ықтимал жарылыстың алдын алуға мүмкіндік берді.
"Біз үшін бұл ерлік емес — бізді күн сайын осылай әрекет етуге үйретеді. Біз халықты қорғауға ант бергенбіз және кез келген жағдайда осы сертімізге адал болуға тиіспіз", – деп атап өтті олар.