weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Шымкентте улы жылан қаптады

Жұрттың үрейін туғызған бауырымен жорғалаушылар, тіпті үй ішіне де басып кірген. Соңғы айда жедел құтқару жасағының көмегіне 13 адам жүгінген,- деп хабарлайды newsroom.kz

Шымкентте улы жылан қаптады

Мамандар улы шұбар, оқ жыландарын аулағанын айтады. «Олардың жұп-тасу кезеңі мен, күннің ысуынан әлі де қоңыраулар көбейе түседі», - дейді. Мәселен былтыр көктем, жаз айларында 286 жылан ұсталған. Алайда оларды қала сыртына шығарумен ғана шектеледі. Сондықтан табиғатқа серуендеуге шыққан тұрғындарға абай болып, жыланға жақындамауға кеңес береді.

Құтқарушының бірінші міндеті тұрғындардың қауіпсіздігі мен оның денсаулығына түскен қатерге көмек көрсету. Қазір Шымкент қаласы үлкейіп кетті. Кейінгі салынған шағын аудандарда, сырт жақтардан көп шақырту түседі. Бір үйге 3-4 мәрте барған кезіміз болған. Арнайы қызметке, мамандарға жүгініп, қоңырау шалып, көмек сұраған дұрыс,- деді Рауан Дүйсенбеков, Қалалық ТЖД Жедел құтқару жасағы басшысының орынбасары.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→